Ашық сабақ математика 1 сынып Әртүрлі есеп шығару Математикалық Наурыз

TEGINUROK.RU

Moderator
Команда форума
Регистрация
Ноя 4, 2019
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі есеп шығар
Математикалық Наурыз
Мектеп:
Күні :Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқумақсаты:екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады;
жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді;
таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады;
айырмалық салыстыру дағдысын бекітеді.
Барлықоқушылар:
Оқушылардыңбасымбөлігі:
Кейбіроқушылар:
Ресурстар:сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері;
қызыл, көк, сары, жасыл түсті қалың қатты қағаз парақтары;

кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері;

әр топқа арналған желім;

әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана болу керек;

дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті;
оқушылардың дұрыс жауабына берілетін бауырсақ түріндегі фишкалар;

маркерлер.
Тірек сөздерМатематикалық Наурыз
Сабақтың мақсаты:3-тоқсанда алған білімдерін жүйелейді және бекітеді.
Сабаққабайланыстыдеректіматериалдар
Сабаққақатыстыескертпелер

Жеребе бойынша топқа бөлініп болған соң оқу шыларға берілген тапсырмаларды топпен орындауды ұсыныңыз. Бұл тапсырманы “Кілем” деп атаңыз. Әр ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтар ға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беріңіз. Оюлардың екінші жағын да тақырыптарға байланысты тапсырмалар жазылады. Мысалы, бұл тапсырмалар санды өрнектердің мәнін табуға, шамаларды салыстыруға, теңдеуді шешуге берілуі мүмкін. Тапсырманың астында кілем тоқығанда сүйенетін жауап нұсқалары жазылады.

Мысалы, “Өрнектердің мәнін тап: 14 – 8 + 3 = ?” тапсырмасы.
Жауабы:
а) 8 — оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;
ә) 9 — оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;
б) 10 — оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;
в) 7 — оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;
г) 6 — оюды ортаға жапсырыңдар.
Тапсырманы ерте орындаған оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады. Жеңісі үшін әр топқа “бауырсақ” түріндегі фишкамен ұпайлар беріледі.
Бәйге. “Бәйгені” бастаңыз. Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топ тан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа қосымша ұпай әкеледі.
Жауабы:
а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19;
ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13;
б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10.
Арқан тарту. Екі “ауыл” арасында жарыс өткізіңіз. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады. Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі.
Жауабы:
а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;
б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;
г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.
Алтыбақан. Бұл тапсырманы оқушыларға жеке орындатыңыз. Теңдеуді сызбаға сүйеніп орындайды. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.

Жауабы:
а) х + 7 = 19; ә) у – 16 = 4;
х = 19 – 7; у = 16 + 4;
х = 12. у = 20.

Шығарып көр. Логикалық тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Осы мақсатта оқу шылар топтарының әрқайсысына қағаздан жасал ған он сары және он қызыл гүлден таратып беріңіз. Осы гүлдерден тапсырманың шарты бойынша түрлі әдіспен гүлшоқ жинау керек.

Жауабы:
сарғалдақтың саны 2-ге артық.

Орындап көр. Әр топтағы оқушыларға үстелдің макеті мен төрт батырдың үлгісін таратып беріңіз. Оқушылар батырларды тапсырмада берілгендей отырғызу керек. Бұл тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Оқушы жауаптарының барлық нұсқасын тыңдаңыз.

Жауабы:
батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызу керек.
Мерекелік кілем. Тапсырманы орындау барысын да оқушылар бірнеше амалмен берілген өрнектердің мәнін табады. Егер олар берілген тапсырманы дұрыс орындаса, кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді. Оқушыларды бағалаңыз.

Теңдеуді шеш. Оқушылар ұсынылған теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді. Осыдан кейін олар киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйтын болады.

Жауабы:

а) 4 сары; ә) 4 жасыл; б) 5 қызыл; в) 6 көк.
БағалауСабақ соңында ойын нәтижесін шығарыңыз. Оқушыларға “бауырсақ” түрінде жинаған ұпайларын санауды ұсыныңыз. Оларға жасаған жұмысы үшін алғыс айтыңыз. Сабаққа белсене қатысып, тобына ұпай жинауға атсалысқан оқушыларды марапат таңыз. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
 
Верх