Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары

TEGINUROK.RU

Moderator
Команда форума
Регистрация
Ноя 4, 2019
  1. Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары.

Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.
Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.
Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;
дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырп, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.
Бизнес-жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Көбінесе бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізуі үшін қажет.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде бизнестің жоспарлық қызметінің саласына техникалық-экономикалық дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.
Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы мен мазмұны шектелмеген. Ол 6,8,10,18 және тағы басқа бөлімдерден тұруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте көрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.

I бөлім. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойылған мақсаттары

Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұраларды қалыптастыру, ғылыми-техникалық, ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік және халықаралық қарым-қатынасты нығайту, кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар – шетелдермен қарым-қатынастар жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты - әр түрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.

II бөлім. Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері

Түйіндеме

Бұл бөлім негізгі бөлім болып есептеледі және мынандай бөліктерден тұрады:
басты мақсат;
өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері;
қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері;
жобаны орындау мерзімі;
шығындар көлемі;
болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер;
нәтижелерді қолдану аясы.
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі;
пайда түсім көлемі;
өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат;
рентабельділік.
Арнайы көрсеткіштер:
сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және ерекшеліктері;
салымдардың қайтарымдылық уақыты;
жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілдігі.

III бөлім. Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын
қызметтердің мінездемесі
Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
өнімнің сыртық түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы.
 
Верх