Түсінік хат
Білім беру жүйесінің талаптары бойынша бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр. Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 4 сыныптарына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды. Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Апталық жүктеме – 1 сағат. Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.
Мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру; оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету; әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру; оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету; лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.
Міндеті: -оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету
-бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау
-зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; жазушы шеберлігіне көз жеткізу
-әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту
-оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын,сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-Поэзия тілі өркендеген мәдениет тілі,ғылым тілі екендігін ұғынады.
-Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына,екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелей алуының қажеттілігін түсінеді.
-Оқыған шығармаларына, ондағы кейіпкерлерге өзінше баға береді.
-Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады.
- Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады.
-Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады.
Әдебиеттік оқу пәнінен «Поэззия баспалдағы» факультативтік сабағының жоспары
р\с | тақырыптар | с\с | күні | Сабақтың өту формасы | Білім дағдысын бағалау | Күтілетін нәтиже |
1 | 1. Каусар бұлақ
Мәнерлеп оқу техникасы.Дикция.Екпін. |
1 | |
баяндау,түсіндіру |
Өзін-өзі бағалау |
Тақырып ты меңгереді. |
2 | Білім –таусылмайтын кен | 1 | | дөңгелек үстел | мұғалімнің бағалауы | Сөйлеу дағдысы артады. |
3 | Туған жерге байланысты өлеңдер | 1 | | топтық жұмыс | формативті бағалау | Топ намысын қорғайды. |
4 | Тілім менің –ар-ожданым,намысым | 1 | | постер қорғау | досының бағалауы | Тақырып байынша ойларын жеткізе алады. |
5 | Ұстазым саған бас идім! | 1 | | тренинг | формативті бағалау | Қызығушылығы артады. |
6 | Диалог | 1 | | сахналық қойылым | бағалау критерилері
арқылы | Еркін сөйлеуі қалыптасады,образға ене алады |
7 | Монолог | 1 | | жеке жұмыс | мұғалімнің форм. бағалауы | Интоннацияға мән береді. |
8 | Поэззия сағаты «Күзгі табиғат» | 1 | | сайыс сабақ | топ басшысының бағалауы | Мәнерлеп оқу дағдысы жетіледі. |
9 | 2.Ақындар бізде қонақта
Абайдың табиғат туралы өлеңдері |
1 | |
жұптық жұмыс | «Екі жұлдыз,бір тілек» | Жұптасып ой бөліседі. |
10 | Абайдың қара сөздері | 1 | | пікір қорғау | топ басшысының бағалауы | Түсінгенін өз сөздерімен жеткіуге талпынады. |
11 | Мен қазақпын! Ж.Молдағалиев | 1 | | постер қорғау | мұғалім бағалауы | Ойды қорыта біледі,маңыздысын таңдайды. |
12 | Махамбет –әрі ақын,әрі батыр | 1 | | шығармашылық жұмыс | мұғалімнің бағалауы | Тақырып туралы ізденеді,ойын ортаға салады. |
13 | Шоқтығы биік--Фариза | 1 | | постер қорғау | Мұғалімнің бағалауы | Жүйелі байланыстырып сөйлеуді меңгереді. |
14 | Өлеңім-өмірімнің айнасы
М.Шаханов өлеңдері |
1 | | ұжымды жұмыс | смайликтер арқылы | Шығармашылық қабілеті артады. |
15 | Мұқағали-мәңгілік ғұмыр! | 1 | | дөңгелек үстел | суреттер арқылы | Мәнерлеп оқу дағдысы жақсарады. |
16 | Ауылы ардақтаған есімін | 1 | | кездесу | мұғалім бағалауы | Сұхбатасады,сұрақ қою дағдысын үйренеді. |
17 | Поэззия сағаты «Жырға қосам атыңды,Абзал ана!» | 1 | | сайыс сабақ | оқушы пікірі арқылы | Мәнерлеп оқуы,дикциясы жақсарады. |
18 | 3.Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра
Мақал.Мәтел. |
1 | |
жарыс сабақ | критерийлер арқылы
бағалау | Ойды аша біледі. |
19 | Жұмбақ.Жаңылтпаш. | 1 | | топтық жұмыс | формативті бағалау | Шапшаң ,әрі дұрыс оқуға төселеді. |
20 | Аңыз әңгімелер | 1 | | шығармашылық тапсырма | көшбасшының бағалауы | Баяндау дағдысы дамиды. |
21 | Мысал өлеңдер | 1 | | жарыс сабақ | мұғалімнің бағалауы | Рөлдік оқуға төселеді. |
22 | Абайдың қара сөздері | 1 | | шығармашылық тапсырма | критерийлер арқылы | Есте сақтау,жаттау қабілеттері қалыптасады. |
23 | Батырлар жыры | 1 | | жұптық жұмыс | бірін-бірі бағалау | Мәтінді дұрыс тыңдап ойды әрі қарай жалғайды. |
24 | Шешендік сөздер | 1 | | сахналау | топ басшысының бағалауы | Сахналау шеберлігі шыңдалады. |
25 | Ертегілер әлемі | 1 | | рөлдік ойын | мұғалім бағалауы | Мазмұнды баяндау шеберлігі қалыптасады. |
26 | Поэззия сағаты | 1 | | сайыс | мұғалімнің бағалауы | Мәнерлеп оқуы,дикциясы жақсарады |
27 | 4.Шығармашылық шыңға жетелейді
Ребустар ,сөзжұмбақтар, басқатырғыштар |
1 | |
топтық жұмыс | топ басшысының бағалауы | Шығармашылық қабілеті, танымдық ой-өрісі кеңиді. |
28 | Шумақ құрастыр | 1 | | жұптық жұмыс | формативті бағалау | Ізденушілігі қалыптасады. |
29 | Логогриф.Шарада.Метаграмма | 1 | | ұжымды жұмыс | мұғалімнің бағалауы | Ой-өрісі,қиялы дамиды. |
30 | Өтірік өлең құрастыру | 1 | | жұптық жұмыс | бағалау критерийлері арқылы | Ізденеді, ойланады, құрастырады. |
31 | Ойдан жұмбақ құрастыру | 1 | | жеке жұмыс | мұғалімнің бағалауы | Ізденеді, ойланады, құрастырады |
32 | Ертегіні жалғастыр | 1 | | топтық жұмыс | формативті бағалау | Қиялы дамиды,ойды жалғайды. |
33 | Поэззия кеші «Мәнерлеп оқу-ол да өнер | 1 | | сайыс кеші | «Екі жұлдыз, бір тілек» | Мәнерлеп оқудан жарысады,бәсекелесе алады. |
34 | Қорытынды сабақ | 1 | | тест | мұғалімнің бағалауы | білімдерін есепке алады,қорытындылайды. |
| | | | | | |
Қолданылған әдебиеттер:
1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж. 2.
2. Р.Нұрғалиев. «Өнер алды – қызыл тіл.» Алматы, 1974ж.
3. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.
4. А.Дүйсенбайұлы. «Батырлар жыры»2009
5.. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.
6. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.
7. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы
8. Желдербаева С. «Мәнерлеп оқу» көмекші оқу құралы Алматы 1992 ж