Психикалық дамуы тежелудің бастапқы сатысындағы балаларға арналған түзете-дамыта оқытуға қойылатын талаптар құрастыру.

TEGINUROK.RU

Moderator
Команда форума
Регистрация
Ноя 4, 2019
Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелудің бастапқы сатысындағы балаларға арналған түзете-дамыта оқытуға қойылатын талаптар құрастыру.
Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.
Қазіргі кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндік береді.

2002 жылдың 11-ші шілдеде №343 – ІІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен байланысты әкімдік, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменттерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары ашылды. Үлгермеуші оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру - қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады. Мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларды қалыптастыру негізінен осы балаларға арналып жасалған оқу бағдарламасымен жүргізіледі. Оқу жоспары бойынша балалардың танымдық әрекеттерін дамыту, қоршаған ортамен танысу және әр түрлі құбылыстардың себебін және оның өзгерістерін анықтау, тіл дамыту, еңбекке баулу, әр түрлі пәндерді арнайы дидактикалық әдістемелермен игеру қарастырылған.

Түзете дамыта оқыту сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген оқушылар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес білім алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың бір бөлігінің сөйлеу тіліннің жүйелі түрдегі бұзылыстары болады, ал бұл олардың тақырыпты меңгерулеріне кедергі келтіреді. Осы оқушыларды оқытудағы түзету міндеттерінің біріне сөйлеу тілін жан- жақты дамыту жатады. Оқушылардың тілін дамыту- қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және мазмұндама мен шығарма жаздыру арқылы жүзеге асырылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады.

Сабақты түсіндіру барысында психикалық дамуы тежелген баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне баурап алуы.
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдалануы.
Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, қазақ баласының халықтық ұғымына таныс, жеңіл болуы.
Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер таңдалып алынуы.
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі - оқушы тілін дамыту. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бір- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу .Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген кинолары психикалық дамуы тежелген баланың ойлау әрекетін дамытады, және қортынды жасай білуге үйренеді. Тілді дамытуда ертегілердің атқаратын маңызы зор. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұныны қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Психикалық дамуы тежелген бала тілін дамыту мен тілді үйретудің жолдары бар. Тіл дамытудың қандай түрі болсын, бәрі бала тілін дамытуға, жазу және тіл мәдениетін жетілдіруге бағытталады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді. Стандартты оқыту бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын –орнымен қолдана алсақ, басқа тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды нәтижелі өткізуге болады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың таным процестерінің, жас ерекшеліктерін, сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің ішінен: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер қолдануға болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда - халық ауыз әдебеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген оқушылардың сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы,тапқырлық ой-пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.

Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп,сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:
- аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;
- кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;
- балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;

Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным процестерінің, басқалармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі- мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық дамуы тежелген оқушылардың тобының сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады. Екіншіден, балалар кескінді көріп қабылдау арқылы оның атын атайды және мақал-мәтелдің бөлігіне сәйкестендіреді, яғни бұл жерде де баланың сөйлеуі арқылы тапсырма орындалады. Халық ауыз әдебиетінің келесі бір түрі - жұмбақтар. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді.Жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, психикалық дамуы тежелгенбалалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын логикасын, тілін дамытуға мән бердік. Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады.Мектеп оқушыларының тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік беретін балалар фольклорының бірі- жаңылтпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді. Жаңылтпаш -халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Жаңылтпаш көбінесе психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма.Олай дейтініміз жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән нәрсе. Психикалық дамуы тежелген балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе, дұрыс айта алмайтын, тілі келмейтін «р» дыбысы.Осыған байланысты«р» дыбысын құрайтын дұрыс айруға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарғанСәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған.

Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек. Осы балалар категориясына неғұрлым жаңылтпашты көп қолданса, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Осыған орай, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары бірнеше жұмыстың мәселесін шешеді.
Мәселен: Біріншіден, тілдік қарым - қатынасқа түсу және өз ойын басқаларға еркін жеткізу. Екіншіден, сөздерді қолданып, тілдері жетіледі. Үшіншіден, сөз байлығы дамиды және ойы да дамиды. Төртіншіден, сөйлеуін жетілдіру барысында олардың таным процестерін де дамытуға болады.

Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс .Мұғалім олардың ойлау белсенділігін арттырып , білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады . Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді :
1. Әңгіме айту, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.
2. Көрнекі әдістері: қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек.
3. Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек .

Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп , мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс – тәжірибелерін саралай келіп , коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық . Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу , өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.
Психологиялық түзете-дамыту талаптары оқушының танымдық қабілеттерін дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға және сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын.




Пайдаланған әдебиеттер:
1. Блинова Л.Н. «Диагностика и коррекция в образовании детей с ЗПР», М., 2002 .
2. Обучение детей с задержкой психического развития / Под ред. В. И. Лубовского. — Смоленск, 1994.
3. Ермағамбет Ә. Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық -педагогикалық сипаттамасы // Дефектология -2008. -№ 4, 3-5 б
4. Қазақ халық әдебиеті. - Алматы., 1990
 
Верх