"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" атты тәрбие сағаты

TEGINUROK.RU

Moderator
Команда форума
Регистрация
Ноя 4, 2019
Тақырыбы: «Ризашылық-мейірімділік бұлағы»
Мақсаты: Білімгерлердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, сандықша, шарлар және т. б.
Барысы:
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Мұғалім :Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен білімгерлер!
«Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты ризашылық күніне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы. Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
Жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Жүргізуші:
Жер- Анамызжасайдытарлықкімге?
Кетпеуүшінмәңгілікқалғыптүнде.
Қайталанып, жаңарыпайтылады,
Бейбітшілікдегенсөзбарлықтілде
«Жерұйық» фильмінен үзінді (бейнеролик)
Жүргізуші : Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсыздар?Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.
1.Аллаға әуелі рахмет!
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
2. Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.
3. Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.
4. Ұстазға алғыс!
Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.
5. Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.
6. Еліме алғыс!
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.
7. Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!
Мұғалім:
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады.
Қазақ алғыстары нақты адамға қарата айтылады, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл-қошы болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.
Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сипатты байқауға болады. Себебі, қазақ ұғымында алғыс алған адамды Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады деп сенген. Алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп жаса! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және т.б.
«Жақсылыққа-жақсылық»бейнеролик.

Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сонымен балалар бүгін біз бір-бірімізге алғыс айтып, тілектерімізді білдірейік. Шаттық шеңберін құрып журекшелерге жазайық.
Мұғалім:
Құрметті білімгерлер, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Осы сәтті пайдалана отырып ардагер ұстазымыз Сағындықова Шахизада апайымыздың үйіне барып алғыс айтайық.

Осымен «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» атты Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
 
Верх