ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары. Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

TEGINUROK.RU

Moderator
Команда форума
Регистрация
Ноя 4, 2019
26- тақырып. ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары. Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары. Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары
туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
2.Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.
Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды түсіндіру


Ы.Алтынсариннің діни оқулығы қалай аталады?
Оқулықта қандай мәселелер қамтылды?

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақ халқының аса көрнекті қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз. 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында туып өскен. Жас кезінде әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа бидің тәрбиесін алады.
1850 жылы атасы Балғожа Ыбырайды Орынбор қаласындағы қазақ балалары үшін арнайы ашылған жеті жылдық мектепке оқуға береді. 1857 жылы мектепті бітірген Ыбырай 2 жыл атасы Балғожа бидің хатшысы болып қызмет атқарады. Кейін Орынборға ауысқан Ыбырай 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу бұйрығын алып, сол мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Хакім Абай ғылымға қандай баға береді?






Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын. Абай шығармасы – мұсылман дінінің көкейкесті, зәру мәселелеріне арналған құнды туынды. Оның ислам дінінің негіздері, оларды түсіндіруі, насихаттау жөніндегі жиған тергендері өзара тығыз байланысқан сан-салалы тақырыптарды қамтиды. Абайдан қалған мол рухани мұраны өлеңдері мен аоэмалары, аудармалары және ақынның өзіне ғана тән өзгеше жанрда жазылған қарасөздері құрайды.






Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, дін білгірі, тарихшы, философ. Оның қазақ халқының рухани азығына айналған шығармаларының көбі ХХ ғасырдың басында жарық көрді. 1911 жылы Орынборда Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбегі басылып шықты. Шәкәрім бұл еңбегінде ислам дінінің басты қағидаларын, иман ғибадаттарын қазақ тілінде қарапайым халыққа түсінікті қылып жазып шығуды мақсат етеді. Онда ол ең әуелі иман шарттарына тоқтаған. Алла тағаланың барлығына, бірлігіне ақылмен
ойлап иман келтіруге ерекше мән береді. Құраннан, ғұламалардың пікірлерінен мысал келтіре отырып, адам кәлиманы айтқанымен, мағынасын түсінбесе, иманға есеп емес екенін ескертеді.

Кестені толтырыңдар.

Ақын, жазушы аттары Бұрынғы білетінім Жаңа қыры



III. Сабақты қорытындылау.
IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 27.
V. Үйге тапсырма.

§ 26 оқу, талдау
 
Верх